12.06.2026 күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің «Гүлдер» тобында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Асық Time» интеллектуалды және спорттық сайыстары ұйымдастырылды.Іс-шара барысында балалар асық ату, ханталапай, тоғызқұмалақ, дойбы және асық алаңы ойындары бойынша өз бақтарын сынап, ептіліктері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, ұлттық ойындардың қыр-сырымен танысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты сәттерге куә болды.Тәрбиешілер: Хуаныш Ж.Оралжан А.