12 маусым күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің «Жазғы Life» тобында «Халықтар достығы» атты танымдық іс-шара өтті.Іс-шара барысында балалар әртүрлі халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы бейнеролик тамашалады. Көргендері бойынша өз ойларымен бөлісіп, түрлі ұлттардың ерекшеліктері туралы әңгімелесті. Сондай-ақ көңілді әуенге би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.✨ Шараның мақсаты – балаларға достық, татулық және өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау құндылықтарын насихаттау болды.Топ жетекшілері:Гульжан ЕркинжасовнаДинара Сериковна