11.06.2026 күні мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагеріндегі “Дамытушы ойындар” үйірмесінде “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” тақырыбында танымдық-дамытушылық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар халық ауыз әдебиетінің асыл мұраларымен танысып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, жұмбақтардың шешуін табуға белсенді қатысты. Балалар «Мақалды жалғастыр», «Жұмбақтың шешуін тап», «Кім жылдам?» ойындарын ойнап, өздерінің тапқырлығы мен ойлау қабілеттерін көрсетті. Іс-шара барысында оқушылардың сөздік қоры молайып, логикалық ойлауы, есте сақтау қабілеті және сөйлеу мәдениеті дамыды. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Жетекшісі:А.Ж.Дандыбаева