2-маусым күні “Күншуақ” жазғы лагерінің «Жұлдыз» тобында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Әжемнің әңгімесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында балалар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтары мен халық даналығы туралы қызықты әңгімелер тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын талдап, сұрақ-жауапқа белсенді қатысып, үлкендерді құрметтеу, мейірімділік, адалдық және еңбексүйгіштік сияқты асыл қасиеттердің маңызын түсінді. «Даналық қоржыны» ойыны мен ертегі құрастыру тапсырмалары балалардың шығармашылығы мен ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.Іс-шара өте әсерлі өтіп, оқушылар ата-баба мұрасына деген қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңызын сезінді.