“Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес 2 маусым күні «Болашық» тобында Сандық АРТ күні ұйымдастырылды.Іс-шара аясында балалар үшін «Сиқырлы сандықтағы ертегі» атты қызықты танымдық-ойын іс-шарасы ұйымдастырылды. Балалар сиқырлы сандықтың ішінен шыққан тапсырмаларды орындап, ертегі әлеміне саяхат жасады. Қатысушылар жұмбақ шешіп, ертегі кейіпкерлерін тапты, жануарлардың қимылдарын бейнелеп көрсетті және өз қиялдарымен ортақ ертегі құрастырды. Сонымен қатар, сүйікті кейіпкерлерінің суреттерін салып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Іс-шара соңында қазына іздеу ойыны өткізіліп, балалар жасырылған сөздерді тауып, бірігіп тапсырманы орындады. Бұл шара балалардың қиялын дамытып, достыққа, ұйымшылдыққа және белсенділікке тәрбиеледі. Барлық қатысушылар «Ертегі шебері», «Қиялы ұшқыр бала», «Белсенді қатысушы» атанып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.