Іс-шара барысында балалар робототехника әлемі туралы танымдық бейнеролик көрді. Бейнероликтен кейін түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытып, топпен жұмыс жасады. Әр бала өз қиялындағы роботтың үлгісін жасап шығарды. Роботтарын таныстырып, олардың қызметі туралы әңгімеледі. Іс-шара балаларға ерекше әсер сыйлап, ғылым мен технологияға деген қызығушылықтарын арттырды.
Топ жетекшілері: Амангелді Ж.Е., Ерғали Г.Е.
