2026 жылдың 3 маусым күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жазғы лагерінде оқушылардың қатысуымен патриоттық әндер орындалды.Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, елжандылық пен патриоттық рухты қалыптастыру. Оқушылар туған елге, туған жерге арналған әндерді әсерлі орындап, өз өнерлерін көрсетті.Патриоттық әндер арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, Отанға деген мақтаныш сезімі нығая түсті. Шара жоғары көңіл-күйде өтіп, лагерь қатысушыларына ерекше әсер сыйлады.🇰🇿 Туған жерді сүю – әр азаматтың қасиетті борышы!