Бүгін “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінің “Балдырған “ тобы тәрбиеленушілері бассейнге барып, жаздың шуақты күнін ерекше көңіл-күймен өткізді. Балалар суда ойнап, түрлі қызықты ойындарға қатысып, сергіп қайтты. Бассейндегі демалыс оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік берді.
Күлкіге толы сәттер, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер балалардың бүгінгі күнін ерекше етті.
Топ жетекшілері: Баташева Айсұлу, Кабдылхан Күміс
