Жазғы лагерь аясында дене шынықтыру сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық ойындарға қатысты. Балалардың шапшаңдығын, ептілігін және төзімділігін дамыту мақсатында эстафеталық жарыстар мен қозғалмалы ойындар өткізілді.Сонымен қатар, оқушылар арасында командалық ынтымақтастықты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қызықты спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мусажанов М.Е