04.06.2026 күні «Жаз Life» және «Сұңқар» топтарымен ағылшын тілі үйірмесінде “Push the Cup Race” тақырыбында ойын сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар түрлі қызықты жарыс ойындарына қатысып, ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында коронамен тренд бейнеролик түсіріліп, қыздар подиумда сән көрсетілімін ұйымдастырды. Оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. Сабақ өте қызықты әрі әсерлі өтті.Пән мұғалімі: Уатхан А.