Бүгінгі сабақтың мақсаты – балалардың есте сақтау, зейін қою және қабылдау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында балалар «Еске сақтау арқылы суретті бояу» ойынын ойнап, үлгіні мұқият қарап, түстерді есте сақтап суретті бояды. «Сөздерді еске сақта» жаттығуында берілген сөздерді есте сақтап, кейін оларды ретімен айтып шықты. Ал «Қимылды еске сақта» ойынында жүргізуші көрсеткен қимылдарды есте сақтап, дәл қайталауға тырысты.
Балалар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Жетекшісі: А.Ж.Дандыбаева
