Сұңқар тобының оқушылары өз қолдарымен Гарри Поттер стиліндегі фоторамка жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар рамканы безендіріп, ерекше дизайн беруге тырысты.
Ал Жаз Life тобының тәрбиеленушілері түрлі-түсті бас киімдер жасап, оларды әсем суреттермен безендіріп, бояды. Жұмыс соңында балалар өз туындыларын киіп, көтеріңкі көңіл-күймен қызықты фотосессияға қатысты.
Шара барысында оқушылардың қиялы мен шығармашылығы дамып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді. 📸✨🎨🧙♂️🎩
Пән мұғалімі: Уатхан А.
