Міндеттері:
* 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау және бекіту;
* тыңдау, есте сақтау және санау дағдыларын дамыту;
* ойын арқылы балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру;
* топпен жұмыс жасауға және белсенді қатысуға баулу.
Өткізу барысы:
Сабақ басында балалармен бірге 1-ден 10-ға дейінгі сандар қайталанды. Кейін әртүрлі қызықты тапсырмалар орындалды: сандарды дауыстап санау, көрсетілген санды табу, қол шапалақтау арқылы санау және қимыл-қозғалыспен байланысты ойындар ойналды. Сондай-ақ балалар «Number Hunt» және «Guess the Number» сияқты ойындарға қатысып, сандарды есте сақтауға жаттықты. Сабақ соңында сандарды қайталау арқылы білімдері бекітіліп, белсенді қатысқан балалар мадақталды. 🎲🔢😊
Пән мұғалімі: Шугаив Айша
