05.06.2026 жылы “Күншуақ” сауықтыру лагерінің “Жас Қыран” тобында “Шындық ағашы” акциясы өткізілді.Акцияның мақсаты – балалардың бойында адалдық, шыншылдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Іс-шара барысында балалар адалдық туралы өз ойларымен бөлісіп, шынайы тілектері мен жақсы ниеттерін білдіре отырып, “Шындық ағашына” ленталар байлады.Сонымен қатар, балалармен эмоцияларды тануға арналған қызықты ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі эмоцияларды ажыратып, олардың мәнін түсіндіріп, жағымды қасиеттерді кейіпкердің бейнесімен сәйкестендірді. Бұл ойын балалардың эмоционалдық сауаттылығын арттырып, өз сезімдерін түсінуге және өзгелердің көңіл күйін бағалай білуге ықпал етті.Тәрбиешілер: Байменова Г.Е Кабиден А. Б.