Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін және ойлау белсенділігін дамыту, ақпаратты қабылдау мен қайта жаңғырту дағдыларын жетілдіру, топпен жұмыс жасауға үйрету, өзіне деген сенімділікті арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындарға қатысып, есте сақтау қабілеттерін шыңдап, зейіндерін арттырды. Балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, көтеріңкі көңіл күйде болды.
