5.06.2026 күніМектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінде “Дамытушы ойындар” үйірмесінде Ойлан, тап!» атты дамыту сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалардың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын және логикалық пайымдауын дамытуға бағытталған түрлі қызықты тапсырмалар орындалды. Оқушылар жұмбақтар шешіп, логикалық сұрақтарға жауап берді, суреттер арасындағы айырмашылықтарды тауып, «Артық затты тап» ойынын ойнады.