5 маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің «Жазғы Life» тобында «Құқықтық патруль» жобасы аясында «Адал бала тергеуі: жоғалған ойыншық» атты қызықты детектив-шоу қойылымы өтті.Іс-шара барысында балалар өздерін нағыз детектив ретінде сезініп, түрлі тапсырмаларды орындады:🔍 1-тапсырма – «Ізді тап»Балалар жасырылған іздерді тауып, олардың бағытын анықтап, жоғалған ойыншыққа апаратын жолды іздеді.🧩 2-тапсырма – «Артық затты тап»Қатысушылар берілген заттардың ішінен оқиғаға қатысы жоқ артық заттарды тауып, өздерінің байқампаздықтарын көрсетті.🔐 3-тапсырма – «Кодты шеш»Балалар құпия кодты шешіп, тергеудің соңғы кезеңіне жол ашты.Іс-шара барысында балалар тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Детективтік ойын барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты әсер қалдырды. 🌟🕵️♂️🔎Топ жетекшілері:Доспергенова Г.Е.Кабдуллина Д.С.