Бүгін балалар түрлі-түсті қарындаштармен әдемі суреттер салып, өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Әр жұмыс ерекше оймен, жарқын бояулармен және көтеріңкі көңіл күймен орындалды.
Сурет салу барысында бүлдіршіндер ұқыптылыққа, әсемдікті сезінуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. 🖍️✨
Болашақ тобының кішкентай суретшілеріне шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз! 💙
Топ жетекшілері: Жакенова С.М.
Қабылқайыр Д.Б.
