08.06.26ж«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің жоспары бойынша “ Гүлдер” тобында «Екінші өмір» жобасы аясында шығармашылық цех (шеберлік сағаты) өткізілді.Іс-шара барысында балалар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы әңгімелесіп, қажетсіз заттарды қайта пайдаланудың тиімді жолдарымен танысты. Оқушылар пластикалық стакандарды , пластик бөтелкелер, картон және түрлі қолжетімді материалдарды пайдаланып, әдемі әрі пайдалы бұйымдар жасады. Шығармашылық жұмыс барысында қиялдарын шыңдап, еңбекке баулынды.Шеберлік сағаты балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және әр затқа жаңа өмір сыйлауға болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Жасалған жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылып, балалар өз туындыларын қуана таныстырды.Топ жетекшілері:Хуаныш ЖайнаханОролжан Анар