Сабақ барысында тәрбиеленушілер «Ертегіні тап» ойынында ертегілерді еске түсіріп, кейіпкерлерді анықтады. «Сөзжұмбақ шешу» тапсырмасы арқылы логикалық ойлау мен білімдерін көрсетті. «Кім көп сөз біледі?» ойынында сөздік қорларын молайтып, белсенділік танытты. Ал «Артығын тап» жаттығуы балалардың салыстыру және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Балалар барлық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Сабақ көңілді әрі танымдық жағдайда өтті.
Жетекшісі:А.Ж.Дандыбаева
