«Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагерінің «Самғау» тобында бос уақыт көңілді әрі пайдалы өтті. Балалар түрлі қимылды ойындарға қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Әр қатысушы өз қабілетін танытып, қызықты сәттерге толы уақыт өткізді. Көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоциялар балаларға ерекше әсер сыйлады. Бос уақыттың әр минуты қызықты әрі есте қаларлықтай болды.