2026 жылғы мамырдың 6 күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Айқын нәтижесі” жобасы бойынша Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған маңызды түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова А.А. және мектеп инспекторы Қуан Рауангүл және мектеп психологы Салтанат Қабылмұратқызы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жолда жүру тәртібі (велосипед,мопед, скутер, электросамокат, мотоцикл т.б) қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар мектеп формасын сақтау, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау, сабаққа жауапкершілікпен қарау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Оқушыларға тәртіптілік пен қауіпсіздік – олардың денсаулығы мен өмірінің кепілі екені ерекше атап өтілді.
Осындай түсіндіру жұмыстары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
