23 сәуір кітап күніне орай мектеп кітапханасында “Ұлттық кітап күні” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты білім мен парасаттылыққа баулу.Көрмеге кітап туралы цитаталар мен балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер және белгілі қаламгерлер жайлы ақпараттар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.