Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Дос bolLIKE» бағдарламасы аясында мектеп психологі Хавылмұратқызы Салтанат 5-сынып оқушыларымен «Қиын жағдайлардан не үйренеміз?» тақырыбында ойын-жаттығу өткізді.Мақсаты – оқушыларды қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, эмоцияларын басқару дағдыларын дамыту, өз-өзіне сенімділігін арттыру және өмірлік қиындықтардан сабақ ала білуге баулу.