Жарыстың басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери қызметке қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың дене дайындығын жетілдіру болды. Қатысушылар әр кезеңде өздерінің ептілігін, төзімділігін, жылдамдығын және командалық бірлігін көрсетті.
Жарыс келесі кезеңдер бойынша өтті:
– автоматты бөлшектеу және жинақтау
– әскерлендірілген кросс
– пневматикалық мылтықтан оқ ату
– арқада жатып денені көтеру
– кермеде тартылу
– арқан тарту
Әрбір кезеңде қатысушылар бар күш-жігерін салып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысты. Командалар арасындағы бәсекелестік өте жоғары деңгейде өтті.
Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын – Сарышығанақ орта мектебі
🥈 II орын – Үштерек орта мектебі
🥉 III орын – Ю. Гагарин атындағы орта мектеп
Жарыс қорытындысында қатысушылар марапатталып, үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдармен және алғыс х�
