14-16 сәуір аралығында бастауыш сынып ұстаздары сенбілікке белсене қатысты. Аула тазаланып, айнала ретке келтіріліп, табиғатқа жанашырлық танытылды. Әрбір мұғалім өз үлесін қосып, тазалық пен тәртіптің үлгісін көрсетті.
Сенбілік – тек еңбек қана емес, бірлік пен ұйымшылдықтың көрінісі. Осындай игі істер арқылы біз оқушыларға үлгі болып, қоршаған ортаны аялаудың маңызын насихаттаймыз.