Мектеп кітапханашылары 5 сынып оқушыларымен «Балаларға арналған басылымдар»тақырыбында кітапхана сабақ өткізді.Мақсаты: мақала туралы,оның жазылу жолдары туралы түсінік беру, журналист, корреспондент және редакция туралы түсінік беру.Сабақ барысында кітапханашы оқушыларға «периодика», «мерзімді басылымдар» ұғымдарын түсіндіріп, «газет»,» журнал» сөздерінің шығу тарихы туралы, журнал мен газеттің құрылымы туралы түсіндіріліп, мақала, журналист,корреспондент, редакция туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар кітапханадағы балалар арналған «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» , «Ақ желкен», «Ұлан», «Жыл он екі ай» т.б. газет-журналдарымен танысу барысында басылымның тұрақты айдарларын, танымдық материалдар оқып, кроссвордтар, сөзжұмбақтар шешті.