Павлодар облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Даулеткер Дария III дәрежелі дипломмен марапатталды! 🥇
Шәкіртіміздің білімге деген құштарлығы мен ана тілімізге деген сүйіспеншілігі биік белестерді бағындыруға көмектесті. Дарияны және оның жетекшісі Рахманова Динара Ертостиковнаны шын жүректен құттықтаймыз! ✨
Білімді жастар — еліміздің тірегі. Жеңісті күндер көп болсын! 🇰🇿
