“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2-сынып ата-аналары үшін 12 наурызда «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында параллель ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құзыреттілігін арттыру, зорлық-зомбылықтың түрлерін тануға үйрету және балалармен сенімді қарым-қатынас орнатуды қолдау.
Жиналыс барысында:
✅ Зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары талқыланды;
✅ Баланың жеке шекарасын қорғау және “жоқ” деп айту дағдылары көрсетілді;
✅ Көрнекі кейстер арқылы практикалық әрекет ету жолдары қаралды;
✅ Ата-аналар балалардың эмоционалды жағдайын тану және қауіп белгілерін анықтау тәсілдерін меңгерді.
Сынып жетекшілері: 2-сынып жетекшілері
Қатысушылар: 2 «А», 2 «Ә», 2 «Б», 2 «В», 2 «Г», 2 «Ғ», 2 «Д», 2 «Е», 2 «Ж» сынып оқушыларының ата-аналары
Мектеп психологы мен әкімшілік өкілдері.
