Сәуірдің 10 күні мектебімізге «Семей медицина университеті» КЕАҚ өкілдері келіп.Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, бакалавриатқа оқуға түсу бойынша ақпарат-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында оқушылар мамандықтар, қабылдау талаптары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы толық мәлімет алды. Болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілген мазмұнды кездесу оқушылар үшін өте пайдалы болды.✨ Жастарға жарқын болашаққа дұрыс таңдау жасауға тілектеспіз!