Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағларламасы аясында 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен маңызды кездесу өтті.Бүгін мектебімізде 1-сынып ата-аналарына арналған «Цифрлық қауіпсіздік және онлайн-ортада баланы қорғау» тақырыбында жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында:🔹 Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі🔹 Кибербуллингтің алдын алу жолдары🔹 Онлайн ортадағы қауіп-қатерлер🔹 Баламен сенімді қарым-қатынас орнату мәселелері талқыландыАта-аналарға баланың цифрлық ортадағы мінез-құлқын бақылау, жеке деректерді қорғау және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша пайдалы кеңестер берілді.🤝 Бірлескен жұмыс арқылы ғана біз балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз!