6 сәуір күні сапалы білім беру мақсатында оқушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде.
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
№7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»
Сабақтың мақсаты: Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін біледі және түсінеді, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады.
Қышқылдар тақырыбын оқыту оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға бағытталады. Зертханалық тәжірибе арқылы оқушылар қышқылдардың қасиеттерін бақылап, олардың металдармен, негіздермен және индикаторлармен әрекеттесуін тәжірибе жүзінде дәлелдейді. Бұл оқыту үдерісі оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытып, химиялық реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.
Сыныбы: 8 «Г»
Пән мұғалімі: Әбілханова Г.Б.
