7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде кең көлемде кросс және түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 🏃♂️
Аталған іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, төзімділігін және жылдамдығын көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді.
Мектебімізде өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру және белсенді өмір салтын қалыптастыру болды.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да мектебімізде өз жалғасын табады деп сенеміз. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз
