2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мереке 1956 жылдан бері әйгілі дат ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай тойланады.Ол балалар және ересектерге арналған ертегілердің авторы. Андерсеннің «Түймеқыз», «Патшаның жаңа көйлегі», «Жабайы аққулар», «Ұшақ-сандық», «Жауыз патша» сынды ертегілері әлем бойынша танымал. Ертегішінің көптеген ертегілері анимацияланып, эфирде көрсетілген.Мақсаты – балаларды оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және балалар әдебиетінің маңыздылығын насихаттау.