«Кітаппен келген көктем» жобасы аясында 2 «Г» сынып оқушысы Бейғамұлы Нұрдаулет демалыс уақытын тиімді пайдаланып, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқуда.Нұрдаулет Абай өлеңдері арқылы адамгершілік, білімге ұмтылу, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, өз ойымен бөлісті. Кітап оқу арқылы оның сөздік қоры дамып, рухани дүниесі байи түсті.