“JAN.KOMEK” психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында “Жанұя жылуы” атты ата-аналарға арналған жобаны жүзеге асыру барысында Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі мектебінде “Отбасылық ресурстар” тақырыбында мектеп психологі Хавылмұратқызы Салтанат ата-аналармен тренинг жаттығуын өткізді.
Мақсаты:
Ата-аналардың отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету, отбасы мүшелерінің бір-бірін қолдауын күшейту, ата-аналардың тәрбиелік ресурстарын анықтап, оларды тиімді қолдануға бағыт беру.
