Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Дос bolLIKE» бағдарламасы аясында, демалыс күндер жоспарына сәйкес, мектеп психологі Хавылмұратқызы С. 5-сынып оқушыларымен «Мен өзімді мақтай аламын» тақырыбында ойын жаттығуын өткізді.
Мақсаты:
Балалардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру, жағымды қасиеттерін анықтап, еркін жеткізе білуге үйрету, өзіне деген сенімділікті дамыту және бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығу барысында оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін атап, бір-біріне жылы лебіз білдіру арқылы жағымды эмоция алып, топта достық атмосфера қалыптасты.
