Көктем мерекесі Наурыз мейрамына орай мектеп кітапханасында «Наурыз — жаңару мерекесі» атты кең мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, қолөнерге деген қызығушылықты ояту, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрмеде Қазақстанның табиғаты, қазақ халқының салт — дәстүрлері,
Көрмеге Наурыз мерекесінің тарихы , оның қазақтардың мәдени — рухани өміріндегі шығу тегі мен маңызы, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының ұлттық киімі», «Қазақтың ұлттық тағамдары», С. Кенжеахметұлының «Әдет-ғұрып», «Беташар», Б.Төтенаевтың «Қазақтың ұлттық ойындары», бата сөздері мен тілектері, қазақ ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар,халық қолөнері және т.б. туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылды.
Аталмыш кітап көрмесін кітапхананың оқу залында тамашалай аласыздар.
