Наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлы мерекесі, жаңару мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың нышаны. Осы орайда 3 “В” сыныбында Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, Наурыз мейрамының мән-маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар Наурыз туралы өлеңдер оқып, әндер айтып, ұлттық ойындар ойнады.
Тәрбие сағатының маңызды бөлігі – ата-аналардың қатысуымен өткен көрініс болды. Ата-аналар қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында арнайы қойылым ұсынды. “Қырқынан шығару” рәсімін өткізіп көрсетілді. Мерекелік іс-шарасы өте жоғары деңгейде өтті. Сынып жетекшісі: Маратқызы А.
