19 ақпан күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер кері әсерін түсіндіру, олардың алдын алу жолдарын насихаттау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және жастарды теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру болды.
Кездесу барысында ақпараттық-түсіндірме орталығының инспекторы Асанбаева З.О діни экстремизм мен терроризм ұғымдарына кеңінен тоқталып, олардың пайда болу себептері мен қауіпті салдарын түсіндірді.

