Мектеп кітапханасында Кеңес әскерлерінің шектеулі континентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 37 жылдығына, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың өмірбаянды
фотосуреттері, QR-кодпен электронды кітаптар топтамасы, Ауған- кеңес қақтығысы”, “Ауған ақиқаты” атты рефераттар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар топтамалары қойылды.
