Мектеп кітапханасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізді.
Мақсаты: М. Мақатаевтың шығармашылығы мен өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттау, поэзия құдіретін ұғындыру, көркем сөзге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс- шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды. Әйгілі ақынды еске алуға арналған шарада 4 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерді поэзия жырларымен сусындатты.
Қорытынды бойынша келесі жүлделер анықталды.
Бас жүлде: 4 «А» сынып Тоқтасын Қуаныш
I орын: 4 «Ә» сынып Асанбек Інкәр
I орын: 4 «Ғ» сынып Саяхат Хали
II орын: 4 «Ә» сынып Аманбол Аяулым
II орын: 4 «Ж» сынып Бақытбек Нұрайша
III орын: 4 «Г» сынып Кеңгес Сабина
III орын: 4 «Г» сынып Қайратов Мадияр
Белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен, жүлдегерлер мадақтамамен марапатталды.
