Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебіндегі 02-13 ақпан аралығында ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігінің апталығы өткізілуде.
Апталықтың негізгі мақсаты:
- Оқушылардың ағылшын тіліне деген деңгейін арттыру,
- Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын жетілдіру;
- Тілін құрметте тәрбиелеу, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту;
- Ұжымдық жұмыс баулу, іздену қабілетін қалыптастыру және ана тілімен қатар ағылшын тілін құрметтеуге үйрету.
Осы орайда ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылармен бірге
«Ағылшын тілі әлеміне» қызықты саяхатқа аттанды 🌍✨
