Бүгін мектебімізде 5 және 9-11 сынып оқушылары үшін маңызды кездесу өтті. Мектеп инспекторы Курмангалиева Лаура Жаныбековна оқушылармен ашық әңгіме жүргізді.
💡 Кездесуде кезінде айтылған сұрақтар:
Тәртіп пен ереже: Мектеп ішіндегі этика және оқушы міндеттері.
Заң және жауапкершілік: Түнгі уақытта көшеде жүру шектеулері және құқық бұзушылықтың салдары.
Буллингке жол жоқ: Құрдастар арасындағы сыйластық пен кибербуллингтің алдын алу.
Зиянды әдеттерден аулақ болу: Вейп және басқа да жат қылықтардың денсаулыққа және болашаққа зияны.
Лаура Жаныбековна оқушыларға заңды білу — өз құқығыңды қорғау екенін ескертіп, кез келген қиын жағдайда көмекке келуге дайын екенін жеткізді.
