«Ұрпақ үні» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған «Abai & Me / Абай және мен» рилс-челленджіне 7в-сынып оқушысы Айнабек Кәусар қатысуда. Ол Абайдың 31-қара сөзінен үзінді оқып, ұлы ақынның тағылымды ойларын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, өз пікірін білдірді.Бұл челлендждің басты мақсаты — жас ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.