Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Аутодеструтивтi мiнез- құлықтың алдын алу мақсатында «Мен және менiң жасөспірім шақтағы балам» атты тақырыбына 8 сынып ата-аналары арасында тренинг -жаттығу мектеп психологі: Д.Г.Искакова өткізді.
Мақсаты:Жасөспірім жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету, дағдарыс кезеңін бірге еңсеру жолдарын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектесу.
Педагог-психолог ата-аналарға баламен диалог құрудың, оларды тыңдай білудің, шектен тыс қысым жасамаудың маңызын атап өтті. Жасөспірімдік дағдарыс – бұл өсу мен өзін-өзі табу кезеңі екені айтылып, ата-аналарға сабырлық пен қолдау көрсету ұсынылды.Дағдарысты жеңудің тиімді жолдарын меңгерді.Баламен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар берілдi.
