“JAN.KOMEK“ психологиялық -педагогикалық қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында “Жанұя жылуы” атты ата- аналарға арналған жобаны жүзеге асыру.
10 қараша күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мен сенi естимін және түсiнемiн. Алаяқсыз әлем » атты тақырыбында мектеп психологi Хавылмұрытқызы Салтанат ата- аналармен тренинг -жаттығу өткiздi. Тренинг мақсаты: балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастарын нығайту, сенімділікті, өзара түсіністікті және эмоционалдық жылулықты дамыту. Жобаның негізгі бағыттары мен тәсілдері Психологиялық алдын алу жұмыстары. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы. Ата-аналар мен заңды өкілдерге ағартушылық жұмыс.Ақпараттық-ағартушылық қызмет.
