Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
3 «В» сыныбында буллингтің алдын алуға бағытталған сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты «Буллинг, кибербуллинг және лудомания» тақырыбында өтіп, оқушыларға аталған ұғымдардың мәні қарапайым тілмен түсіндірілді. Балаларға өзіне және өзгеге зиян келтіретін әрекеттерден сақтану, қауіп төнген жағдайда көмек сұрау және дұрыс шешім қабылдау жолдары үйретілді.
Сонымен қатар Қауіпсіздік сабағында
«Виртуалды достық: онлайн танысу неліктен қауіпті?» тақырыбы қарастырылды. Сабақ барысында интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, бөгде адамдармен онлайн қарым-қатынастың салдары және жеке мәліметті қорғау туралы айтылды.
Оқушылар тақырыпты сурет салу арқылы меңгеріп, буллингке қарсы көзқарастарын білдірді.
🔹 Ақпан айының құндылығы: Жасампаздық пен жаңашылдық
🔹 Апта дәйексөзі: «Өнерлі бала – өрге жүзер»
Сынып жетекшісі: Маратқызы А.

