29 қаңтар күні #8 Жалпы орта білім беру мектебінде “Заң мен тәртіп” Республикалық идеология және “Құқықбұзушылықсыз мектеп “ қалалық жоба аясында өткізілген аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Аьай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушылары:Айнабек Гульназ
Рустемова Мадина қатысты. Тақырыбы: Біздің палатада “Балалар қоғамдық істерге араласуы керек пе?” тақырыбында дебат өтті.
Аталған дебаттың негізгі мақсаты – оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына мүмкіндік беру болды.
Дебат барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді түрде жеткізіп, нақты аргументтер мен мысалдар келтіре білді. Біздің команда жақтаушы топ ретінде қатысып, балалардың қоғамдық істерге араласуы олардың жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, қоғамға бейімделуіне оң әсер ететінін дәлелдеді.
Тартысты әрі мазмұнды өткен пікірсайыс нәтижесінде біздің палата жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл жетістік – командалық жұмыстың, жүйелі дайындықтың және белсенділіктің нәтижесі.
Алдағы уақытта да осындай зияткерлік сайыстарға белсене қатысып, өз біліміміз бен көзқарасымызды дамытуға ниеттіміз.
Жетекшісі: Рамазанова Ж.С




