2026 жылғы 26 қаңтарда мектебімізде өткен қалалық әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Қалқан» жарысында мектебіміздің командасы жалпы командалық есепте ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар команда мүшелері келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға қол жеткізді:
• Кермеде тартылу – І орын
• Шалқадан жатып денені көтеру – ІІІ орын
• Пневматикалық мылтықтан ату – ІІІ орын
Команда құрамы:
• Талғат Дильназ – 7 «Ғ» сынып оқушысы
• Ерсинов Альтайр – 8 «Ғ» сынып оқушысы
• Ажибаев Линур – 11 «Ә» сынып оқушысы
Команданың жаттықтырушысы:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі
Агумбаев Данияр Нурлыбекович
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!
